Джеймс Кэмерон «Аватардың» жалғасы болатынына сөз берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер Джеймс Кэмерон «Аватар» фантастикалық фильмінің жалғасын, тағы 4 фильмді түсіреді. Бұл туралы ол Лос-Анджелестегі CinemaCon форумында хабарлады, деп жазды The Guardian. Қоюшының сөзіне қарағанда, «Аватар» трилогиямен шектелмейтін эпопеяға айналуы тиіс.

«Үш фильммен шектелсек, тарихты толық жеткізе алмайды. Соңғы бірнеше жылда үздік сценарийшілерден құраған командамен жұмыс істеп жатырмын», - деді Кэмерон.

Ол әр фильм өзіндік тарихты баяндайтынын, алайда бір сюжет желісімен біріктірілетінін жеткізді.  Картиналар кинотеатрларда 2018, 2020, 2022 және 2023 жылдары көрсетіледі.

Осыған дейін Кэмерон «Аватарды» жалғастыратын екі фильм туралы ғана айтқан. Бірінші лента 2017 жылы шығады деп болжанған, дегенмен премьераны кейінге шегерді.

2009 жылдың желтоқсанында көрсетілген «Аватар» кинематография тарихындағы ең кассалық картина болып сақталды. Ол прокатта 2,7 миллиард доллар пайда тапты.

Картина «Оскардың» тоғыз аталымына ұсынылып, үшеуінде - «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік визуалдық эффектілер» және «Қоюшының үздік жұмысы» дәрежелерінде жеңіске жетті.