деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.
Бұл жөнінде «Майнити» жапондық газетінде жазушы Чарльз Пеллегрино - «Хиросимадан шыққан соңғы пойыз. Куәгердің естелігі» атты романының авторы мәлім етті. Кітап қаңтардың 19-ында шықпақшы. Онда 1945 жылы атом бомбасы тасталған екі қаладағы оқиға сипатталады. Пеллегриноның айтуынша, Кэмерон желтоқсанның 22-сінде екі бомбалауды да бастан кешкен және биылғы жылғы қаңтарда 93 жасында қайтыс болған Нагасаки тұрғынының үйінде болған. Ол режиссерден осы қасірет және оның зардабы туралы жеткізуді өтінген - Кэмерон оны орындауға уәде берген.