Қазір Кэмерон франшиза иесі Дэвид Эллисонмен келіссөз жүргізіп жатыр. Мәміле бойынша Терминатор құқығы танымал режиссерге өтеді.
Кэмеронның айтуынша, Эллисон ме.н ол танымал кейіпкер туралы фильмдерді жалғастыруға құлықты. Соңғы бесінші «Терминатор: Генезис» үлкен экранға 2015 жылы шықты. Алайда сол жолы түсіруші кинокомпания бұдан кейін «Терминатор» франшизасын қаржыландырмайтын мәлім еткен болатын.