Джимми Киммел шоуы америкалық теледидарға қайта оралады
АСТАНА. KAZINFORM — Джимми Киммелдің түнгі шоуы жүргізушінің консервативті белсенді Чарли Кирктің өлтірілуіне қатысты пікірін сынауына байланысты тоқтатылғаннан кейін 30 қыркүйекте ABC арнасына қайта оралады, деп хабарлайды NBC News.
Трамптың Киркті аза тұту үшін елдегі мемлекеттік ғимараттардағы туларды түсіру туралы бұйрығын сынап, Трамптың өзі туралы мазақ ететін пікірлер айтты. Ол сондай-ақ республикашылдарды белсендінің өлтірілуіне қатысты реакциясы үшін сынға алды.
— Осы демалыс күндері біз MAGA бандысы (ескерту: АҚШ президенті Дональд Трамптың Make America Great Again саяси бағдарламасының жақтастары) Чарли Киркті өлтірген жігітті олардың біреуінен басқа кез келген адам ретінде көрсетуге тырысып, саяси ұпай жинау үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанда жаңа минимумдарға қол жеткіздік, — деді ол.
АҚШ-тың Федералды Байланыс комиссиясының төрағасы Киммелдің сөздерін «жеккөрінішті» деп атап, егер желі Киммелді жұмыстан босатпайтын болса, ABC филиалдарының хабар тарату лицензияларын қайтарып аламын деп қорқытты. Содан кейін Джимми Киммелдің шоуы тоқтатылды.
Алайда бұл шешім наразылық тудырды. Америкалық азаматтық бостандықтарды қорғау одағы (ACLU) ұйымдастырған ашық хатта 400-ден астам танымал адам Киммелді қолдап, «үкіметтің сөз бостандығына қоқан-лоққысына» қарсы шықты. Қол қойғандар арасында Дженнифер Энистон, Мерил Стрип, Том Хэнкс, Селена Гомес, Роберт Де Ниро, Джейн Фонда және Натали Портман болды.
— Өткен сәрсенбіде біз еліміз үшін осындай эмоционалды уақытта одан әрі шиеленісіп кетпеу үшін сериал өндірісін тоқтату туралы шешім қабылдадық. Біз бұл шешімді кейбір пікірлер мезгілсіз, демек, немқұрайлы деп ойлауымыз себебімен қабылдадық. Біз соңғы бірнеше күні ойланып, Джиммимен әңгімелесіп, сол әңгімелерден кейін шоуды сейсенбіде қайтаруды шештік, — деп мәлімдеді АВС телеарнасына иелік ететін Disney компаниясы.
Еске сала кетсек, америкалық ABC телекомпаниясы жүргізуші Джимми Киммелдің кешкі бағдарламасын эфирден алып тастады. Оған Трамптың жақтастары жастар консервативті қозғалысының қайраткері және Дональд Трамптың серіктесі Чарли Киркті өлтіру тақырыбын пайдаланып жатыр деген сөзі себеп болған.
Еске сала кетсек, бұған дейін консервативтік көзқарастарымен танымал америкалық блогер Чарли Киркке Юта алқабы университетінде сөйлеп тұрған сәтінде оқ атылды.
Кейін Дональд Трамп Чарли Кирктің қаза тапқанын хабарлады.
Чарли Кирктің өліміне қатысты жаңа деректер жарияланғанын жазған болатынбыз.