АСТАНА. KAZINFORM — Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Абдулла Батырбек Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының 1/8 финалында сынға түсті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Отандасымыз 62 келіге дейінгі салмақта Оңтүстік Корея өкілі Бенчжун Янмен кездесті.
Белдесуде Абдулла Батырбек 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ширек финалға өтті.
Қазақстандық ширек финалда Сауд Арабиясының спортшысы Халед Али С.Хабабпен кездеседі.
Осыған дейін қазақ палуан Өзбекстан қоржынына Азиада алтын жүлдесін салғанын жазғанбыз.
Айнұр Тумакбаева
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі. 2024 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.