Джиу-джитсу: Абдулла Батырбек жасөспірімдер Азиадасында алтынға таласады
14:29, 29 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында джиу-джитсудан жарыстар басталды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық Абдулла Батырбек 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.
Жартылай финалда ол тәжікстандық Абдурахмон Саидбековтен басым түсті.
Еске сала кетейік, бұған дейін балуан Сания Сұлтанғали жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алғанын хабарлаған едік.