Бұл туралы бүгін республикалық Джиу-джитсу федерациясының бірінші вице-президенті, Джиу-джитсудың жоғарғы санаты «Ханшы» (8 дан) иегері Руслан Әбдіреев мәлім етті.
Форум 21-22 сәуір күндері ұйымдастырылады. Осы мақсатта әлемге танымал гранд-шеберлер елордаға ат басын тірейді. Олардың қатарында Бүкілжапондық джиу-джитсу федерациясының басшысы, 10-дан иегері Алексей Кунин, Жапонияның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 10-дан иегері атақты Нори Буносава, Гошин-дзюцу халықаралық федерациясының президенті Стив Барнетт, Жауынгерлік өнер альянсының президенті Дэниэл Хвидберг бар.
Р. Әбдіреевтің айтуынша, форумның басты тақырыбы Қазақстан Джиу-джитсу федерациясының Джиу-джитсу бойынша Бүкілжапондық халықаралық ұйымның (AJJIF) ережелеріне қосылуы болмақ.
«Сонымен қатар шара барысында Қазақстан халықаралық ұйымдармен ықпалдастық пен әріптестікті күшейтуге күш салып, республикалық және халықаралық жарыстардың бірыңғай күнтізбесін құру бойынша талқылаулар өтеді», - деп атап көрсетті ол.
Форумда 2013 жылы джиу-джитсудан Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу мәселесі талқыланады. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі инструкторлардың қатысуымен Халықаралық жаттығу орталығын құру жөнінде келісімдер жасалмақ.