Азия Одағы және Шри Ланка елінің джиу-джитсу федерациясы ұйымдастырған Джиу-джитсудан додасы Негомбо қаласында 26 шілде мен 1 тамыз аралағында өтеді. Сонымен қатар, чемпионат аясында Азия реферилері үшін арнайы курстар өткізіледі, Қазақстан Республикасы атынан төрешілер алқасы төрағасының орынбасары Аслан Оспанов сол курстарға катысады.
Ерлер мен әйелдер арасында джиу-джитсудың не-ваза-систем және дуо-систем деген екі бағыты бойынша бақ сынайтын болады.
Қазақ елінің атынан Асылбек Орынбаев (салмағы 62 кг дейін), Нартай Кажеков пен Жанболат Закарин (69 кг дейін), Нұрлан Есполов (77 кг дейін) және Андрей Гаврилюк (85 кг дейін) күресетін болады. Спортшыларға ҚР Джиу-джитсу бойынша негізгі команданың аға жаттықтырушысы Қали Әшім мен ҚР жастар командасының аға жаттықтырушысы Болат Дүйсенбиев жетекшілік етеді.