Өкінішке қарай, АҚШ науқастардың саны бойынша бірінші орында. Сол себепті жаңадан сайланған президент Джо Байден инаугурациядан кейін жағдайдың бақылаудан шығуына немесе шиеленісуіне жол бермейтінін айтты.
Ақ үй әкімшілігінің жаңа басшысының айтуынша, билікте болған алғашқы күндері Байден пандемиямен күресудің жаңа ережелерін жариялауға ниетті. Атап айтқанда, «100 күндік маска сынағы» («100 Day Masking Challenge») басталады.
Бұл уақытта маска кию барлық федералды нысандар аумағында, сондай-ақ мемлекеттер шекарасын кесіп өту кезінде міндетті болады. Бұған дейін Байден Вашингтонда өткен коронавирустан қайтыс болған 400 мыңнан астам америкалықты құрметпен еске алу рәсіміне қатысты.