Джо Байденге қауіпті онкологиялық диагноз қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Дәрігерлер 16 мамыр күні АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденнен қуықасты безі қатерлі ісігінің агрессивті түрін анықтады, деп хабарлайды The New York Times.
ТАСС басылымға сілтеме жасай отырып хабарлағандай, аурудың бұл түрі гормондық терапиямен емделеді, сондықтан ауру ағымын бақылауда ұстауға болады.
— Аурудың түрі агрессивті болғанымен, ол гормоналды терапиямен емдеуге болады. Бұл емдеуді нәтижелі жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта президент пен оның отбасы дәрігерлермен бірлесіп емдеу нұсқаларын қарастырып жатыр, — делінген Байден өкілінің басылымға берген мәлімдемесінде.
Осыдан бұрын наурыз айында Ұлыбритания королі Чарльз III қатерлі ісіктің жанама әсеріне байланысты ауруханаға түскені хабарланды.
Айта кетейік, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден кез келген іс-шарада баяндама жасау үшін ұйымдастырушылардан 300 мың доллар талап ететіні анықталды.
Бұдан бөлек Трамп Байденді құпия ақпаратқа қол жеткізу құқығынан айырғаны белгілі болды.