Ары қарай емделудің қажеті жоқ, отадан кейін 80 жастағы президент медициналық тексеруден өтіп, «жұмыс істеуге жарамды» деп танылды, делінген Ақ үй мәлімдемесінде.
Ақ үй дәрігері Кевин О`Коннор жазған құжатта анықталған қатерлік ісік түрі, яғни базальді жасушалық карцинома, әдетте метастаз тудырмайтыны нақтыланған.
Базальді жасушалық және қабыршақты жасушалы карцинома – Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының дерегі бойынша, АҚШ-та кең тараған тері қатерлі ісігінің негізгі екі түрі.
14:13, 04 Наурыз 2023
Джо Байденнен қатерлі ісік анықталып, оған ота жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Джо Байденнен терінің қатерлі ісігі анықталы, оған сәтті ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.