Байденнің кеңесшілері мен жақын жүрген адамдары президенттік науқанды өткізу мәліметтерін жинап жатыр. Хилари Клинтонмен келісе алмаған демократиялық партия мүшелері және демеушілермен кездесулер өткізілуде, деп жазады шетелдік басылым. Партия қатарында Клинтонның табысқа жететініне сенімсіздік білдіріп отырған тұлғалар бар.
Сарапшылардың пікірінше, президенттік бәсекеге қосылу жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді, себебі қазіргі кезде Хилари демократиялық партияның көшбасшысы болып табылады.
Басылым Байденнің кандидатурасын ұсынуына оның ауыр дерттен қайтыс болған баласы Бо итермелегенін атап өтті. АҚШ-тың вице-президентіне Хилари Клинтоннан озу үшін барынша күш салу қажет, өйткені ол 72 жаста.