Джобстың қызметтен кетуі Apple акциясының құлдырауын туғызды

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Apple басшысы Стив Джобстың қызметтен кетуі, компания акциясының құлдырауын туғызды,

деп хабарлайды Reuters.

Apple корпорациясының бас директоры С.Джобстың отставкаға кету жөніндегі берген өтінішінен кейін компанияда дүрбелең туып отыр. Оның өз лауазымын босататыны белгілі болысымен, компания акциясы биржадан тыс нарықта 7% арзандап, 357,4 доллар деңгейіне дейін түсіп кетті.

Apple негізін қалаушылардың бірі Стив Джобс 24 тамыз, сәрсенбі күні өз лауазымын босатқан болатын. Apple бас директорлығына, яғни өз орнына ол Тим Кукты ұсынған. Джобстың өзі Apple директорлар кеңесінің төрағалығы лауазымында қалғанды қалайды.