Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық боксшы жаттығу барысында демалу, аз уақытқа аптығын басу дегенді білмейді.
«Менде дене дайындығынан өте ауыр жаттығулар өтті. Генамен жұмыс істеу - арман, бірақ ол үзіліс және тайм-аут дегенді білмейді!», - деп мәлім етті кіші Диаз. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 16 мамырда өтетін жекпе-жекке дайындалуда. Оның қарсыласы - америкалық кіші Вилли Монро.