Джохар Царнаев есін жиды, тергеушілер жауап алуда

None
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Джохар Царнаев есін жиды. Бүгінде одан тергеушілер жауап алып жатыр. Царнаевтың тамағы қатты зақымданып, сөйлей алмайтындықтан, ол сұрақтарға жазбаша түрде жауап беруде.

Тергеушілер қылмыскерден оның тәртіп сақшылармен қақтығыста қаза болған 26 жастағы ағасы Тамерлан жөнінде және Бостондағы лаңкестікке қатысы бар өзге адамдар туралы жан-жақты сұрастырды.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары Царнаевты тұтқындау кезінде оның үйінен табылған қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың қалай әзірленгендігін сараптамадан өткізіп жатыр.

Айта кетейік, өткен аптада 15 сәуір, дүйсенбі күні атақты Бостон марафонының мәре сызығының маңында Бостондағы орталық көшелердің бірінде арақашықтығы 12 секундты құрайтын екі жарылыс орын алды. Салдарынан оқиға орнында 3 адам көз жұмды, 180-нен астамы жарақаттанды. Күдікті терроршымен қақтығыс кезінде бір тәртіп сақшысы мерт болды.