Еске сала кетейік, өткен жылдың 15 сәуірінде Бостондағы жыл сайын өтетін марафон кезінде екі жарылыс болды. Бұл оқиғаның салдарынан үш адам қаза болып, 260 адам жараланды. Джохар Царнаевқа 30 пункт бойынша айып тағылды, оның 17-іне АҚШ-тың заңы бойынша өлім жазасы тағайындалады. Бұған дейін хабарланғандай, Царнаевқа қатысты сот процесі биылғы жылдың күзінде басталуы мүмкін. Алайда күдікті өзіне тағылған айыптың бірін де мойындаған жоқ.
13:50, 31 Қаңтар 2014
Джохар Царнаев өлім жазасына кесілуі мүмкін - АҚШ Бас прокуроры
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы 15 сәуірде Бостондағы марафон кезінде жарылыс ұйымдастырды деп айып тағылған Джохар Царнаевқа қатысты мемлекеттік айыптаушы өлім жазасын талап ететін болады. Мұндай шешімді АҚШ-тың Бас прокуроры Эрик Холдер қабылдады, деп хабарлады Associated Press агенттігіне сілтеме жасаған РБК.