Үкім жұма күні шығарылды.
Сот Царнаевты 17 тармақ бойынша (жалпы 30 тармақ бойынша айыпталған, соның 17-сі бойынша ең ауыр жазаға тартылады) тағылған айыптың 6-ауы бойынша ең ауыр жаза - өлім жазасына лайық деп тапқан. 21 жастағы жігіттің үкімін шығарған сот алқасының құрамында 12 мүше: 7 әйел, 5 ер адам болған.
Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы 15 сәуірде Бостонда өтіп жатқан марафон кезінде қатарынан 2 жарылыс орын алған болатын. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 260-тайы жарақат алған.