Олардың дүйсенбі күні берген өтініштерінде Царнаевтың қазіргі түрмедегі жағдайы процеске деген дайындықты қиындатып отырғаны атап өтілген. Жекелей алғанда, адвокаттардың көңілі толмай тұрғаны - олардың күдіктімен арасындағы кездесуді ФБР-дің бақылауға алғандығы, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Сонымен бірге, қорғаушылар Түрмелер бюросы олардың Царнаевпен ақылдасуға әкелген барлық электрондық құжаттарын күштеп тексеріп отырғандығына наразы.
Осыған дейін, Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот қарауы ағымдағы жылдың 3 қарашасында болады, деп хабарланған еді.
Еске сала кетейік, Джохар Царнаев 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостондағы марафон кезінде лаңкестік ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Онда жарылыс кезінде 3 адам қаза болып, 260-тан астам адам жараланаған еді. Тергеу деректері бойынша, Джохар бұл қылмысты өзінің ағасы 26 жастағы Тамерланмен жасаған. Ал ол ұстау операциясы кезінде өлтірілді.