Джохор шығанағында жүк кемелері соқтығысып, 300 тонна мұнай төгілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурдың оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысындағы бірқатар жағажай жабылды, деп хабарлайды 24.kz.

Оған Джохор шығанағында екі жүк кемесінің соқтығысуы себеп болған. Өйткені оқыс оқиғадан кейін суға 300 тонна мұнай төгілді. Қазір тазарту жұмыстарына 200-ден астам маман мен 17 кеме жұмылдырылған. Ал билік балық аулаумен айналысатын 3 бірдей компанияның қызметін уақытша тоқтатты.