31 жастағы Джокович 2018 жылы ATP рейтингінің бірінші орнына оралды және маусым аяқталғанға дейін көшбасшы орнын сақтап қалады. Өткен маусымның соңында жарақат алып, жарыстан шет қалған еді. Ал, 2018 жылы ол төрт турнирде, соның ішінде Уимблдон және US Open жеңімпазы атанды.
Джокович Үлкен дулыға сериясы турнирлерінің 14 дүркін жеңімпазы, ол өз мансабында 72 трофейді иеленді. Сондай-ақ, оның активінде 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола медалі бар.