Бұл 28 жастағы Джоковичтің «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі тоғызыншы титулы.
Осы жолы жұрттың көпшілігі Уимблдонның жеті дүркін чемпионы болған Федерер жеңіске жетеді деген болжам жасаған еді. Алайда финалдық матчта Джокович өзінің басымдығын танытты. Қорытынды есеп - 7:6, 6:7, 6:4, 6:3.