«Джон Дир» компаниясы Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ұйымдастыруға ниетті

аурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Джон Дир» компаниясы Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ұйымдастыруға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы аталған компанияның өкілдері ҚР Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевпен кездесуі кезінде айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған министрліктің ақпарат басқармасының мәліметіне қарағанда, жиынға Ауыл шаруашылығының, «ҚазАгро» холдингінің, «ҚазАгроҚаржы» және «Инжиниринг және технология трансферті орталығы» компанияларының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Ә. Исекешев үдетілген индустриялдық-инновациялық бағдарламасы аясында ел Үкіметі республиканың аумағында қуатты өндірістік орталықтар құруға екерше назар аударып отырғандығын жеткізді. Министр, осыған байланысты бүгінде бизнестің барлық ұсыныстары мен бастамалары, оның ішінде шетелдік инвесторлардың ұсынысы тыңғылықты зерделенетінін атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық тарапқа «Джон Дир» компаниясының өкілдері елімізде техниканы жинақтаумен қатар, құрамдауыштардың өндірісімен және инжинирингтік қызмет көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Кездесу нәтижесі бойынша Ә. Исекешев бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруашылығы, сондай-ақ «ҚазАгро» холдингіне жұмыс тобын құру, Қазақстан нарығына кірудің талаптарын шетелдік инвесторлармен бірлесіп қарастыру, сонымен бірге ішкі нарықты зерделеп, елімізге қажетті ауыл шаруашылығы техникаларының түрлерін анықтау, техниканың компоненттерін шығару мүмкіндіктері тұрғысында отандық компаниялардың бастамаларын талдау тапсырмалары жүктелді.