Әрине, чемпионның пайдасына. Бұл туралы боксшының әкесі Джон Фьюри мәлімдеді, деп хабарлады vringe.com.
«Бұл жолы бәрі басқаша болады, - деді боксшының әкесі BoxingScene тілшісіне берген сұхбатында. - Егер жеңіске құмартудың не екенін түсінсең, Тайсон оны 10 раундта нокаутқа жіберетінін ұғатының сөзсіз. Мұның барлығы психологиялық шабуыл, біз оны (Владимир - vRINGe) жақсы білеміз... әрі оның жұдырықтасу қауқары да белгілі, сондықтан осы жолы Тайсонға жеңіл болады».
Еске салсақ, өткен жылы қарашада Кличко Фьюриден жеңіліп, WBA, IBF, WBO және IBO титулдарынан айырылған болатын.
Олардың қарымта кездесуі Манчестерде (Англия) 9 шілдеде өтеді.