Джон Керри Кубада АҚШ елшілігін ашты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Мемхатшысы Джон Керри Гаванада шамамен 50 жыл жұмыс істемеген американдық елшілікті ресми түрде ашты.

1961 жылы елшілікте АҚШ туын түсірген үш теңіз жаяу әскерінің бұрынғы өкілі оны қайтадан орнына қайтару үшін шақыртылды.

Керридің Гаванаға келуі - бұл соңғы 70 жыл ішіндегі АҚШ мемхатшысының алғашқы сапары.