1962 Леннон Ливерпульде сатып алған Gibson гитарасы "Битлз" тобының "Love Me Do", "Please Please Me", "I Want to Hold Your Hand" және "From Me to You" сияқты атақты композицияларымен жұмыс кезінде пайдаланғаны белгілі.
Гитара 1964 жыл қарсаңында "Битлз" тобының Лондондағы рождестволық концертінен кейін жоғалып, АҚШ комиссиондық дүкендерінің бірінен табылды. Гитарашы Джон Маккоу 1970 жылдары жүздеген долларға сатып алған. Ол кезде аспаптың иесі кім болғанын білмеген. Кейін музыканттың достары "Битлз" альбомының суреттерін қарап отырып, Леннон қолындағы гитарамен аталған аспаптың ұқсас екенін байқаған.