Джон Леннонның гитарасы 910 мың долларға сатылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы «Julien's Auctions» сауда үйі «The Beatles» тобының негізін қалаушылардың бірі Джон Леннонның «Rickenbacker» гитарасын бәссаудада 910 мың долларға сатты, деп хабарлады ТАСС.

Бәссауда деректеріне сүйенсек, Леннон гитарасын Ринго Старрға сыйға тартқан. Бұдан бұрын «Ludwig Oyster» аспабы бәссаудада 2,2 млн. долларға сатылғаны хабарланған. Баспасөзге берген сұхбатында 75 жастағы Старр бұл бәссауданы өткізу АҚШ-тағы ең беделді музыкалық сыйлық - «Грэмми» мұрайжайы қызметкерлерінің идеясы екенін айтты. «Бізде заттар өте көп, олардың көпшілігін қарамағанымызға 20-30 жылдай болды», - деді рок ардагері. Фото: twitter@timlukefrac