Джон Леннонның костюмы Abbey Road альбомының тысы үшін 46 мың долларға сатылды

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Джон Леннон Abbey Road (1969) журналының сыртқы бетіне суретке түсу үшін киген әйгілі ақ костюмы американың Коннектикут штатындағы аукционда сатылды. Костюмді 46 мың доллларға телефон арқылы өз атын жариялағысы келмеген The Beatles тобының табынушысы сатып алды,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Альбомның сыртында Пол Маккартни, Джон Леннон, Джордж Харрисон және Ринго Старрдың The Beatles көптеген әндерін жазған студияларына бару үшін жолды кесіп өтетін жердегі ала жолақ бейнеленген. Бұл Лондондағы жаяу жүргіншілер өтетін әлемге әйгілі орын өткен жылдың желтоқсан айынан бастап мемлекет қорғауындағы мәдени ескерткішке айналды.