Julien's бәссауда үйінің иесі Даррен Джулиен (Darren Julien) J-160E Gibson акустикалық гитарасын 600-ден 800 мың доллар аралығындағы бағаға сатуды көздеп отыр. Алайда ол агенттікке бұл лот 2013 жылы Боб Диланның электр гитарасы орнатқан рекордын жаңарту мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
«Джон Леннонның заттары аса сирек сатылады, өйткені көп адамдар оларды сақтап жүр. Ал бұл оның сүйікті гитарасы болған еді, жоғалғаннан кейін оны қайтарғысы келетінін айтқан», - деген сөздерін келтіреді агенттік.