Джон Рокфеллердің шөбересі ұшақ апатынан ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық магнат Джон Рокфеллердің шөбересі жұма күні Харрисон қаласының (Нью-Йорк штаты) шет жағында бір моторлы ұшақ апатынан мерт болды.

Бұл туралы Рокфеллерлер отбасының ресми өкілі Фрейзер Ситель мәлім етті.

Билік орындарының деректеріне қарағанда, Уэстчестер округы әуежайынан шыққан Piper Meridian ұшағының бортында 64 жастағы Ричард Рокфеллердің бір өзі ғана болған. Жерден көтерілгеннен кейін шамамен 10 минуттан соң оның қанаттары ағаштардың ұшына тиіп, жерге құлаған. Отбасы өкілінің сөзіне қарағанда, Ричард Рокфеллер тәжірибелі ұшқыш болған көрінеді.