Қазіргі таңда Джонсон өзінің салмақ дәрежесі бойынша IBF рейтингінде бірінші, ал Деревянченко екінші орында тұр. Егер Джонсон Деревянченкомен жұдырықтасудан бас тартса, көшбасшылық позициясынан айырылып, рейтингтің үздік ондығынан шеттетіледі.
IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына Геннадий Головкин ие. Сол себепті Джонсон-Деревянко жекпе-жегінің жеңімпазы қазақстандық боксшымен айқасады.