деп хабарлады Утро.ру.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт шұғыл арада сөндірілген. Төтенше оқиға жайындағы ақпаратты АҚШ Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы растап отыр.
Өрт 6 маусым күні кеменің тұрғын-жай бөлігінен шыққан. Ресми жарияланған ақпаратқа сәйкес, өрт болған кезде тұрғын-жайда ешкім болмаған. Ауысым кезекшісі қызыл жалынның шыққанын дабылқаққыш іске қосылғаннан кейін біліп, оқиға орнына кеменің өрт сөндіру қызметін жіберген. Олар өз күштерімен өртті ауыздықтаған.