Бейсенбі күні оның өкілдерінің мәлімдеуінше, дәрігерлер өздері қауіптенетін созылмалы қолқа дертімен күресуде.
Анықталғандай, 85 жастағы Буш бронхитпен ауыруда, алайда, оның көмекшілері аппаратының басшысы Джин Бекердің атап өтуінше, бұл ауру өмірге қауіп төндірмейді. Жексенбі күні әкесінің қал-жағдайын білу үшін ауруханаға АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Дордж Буш пен оның зайыбы Лора келді.
Үлкен Джордж Буш 1989-1993 жылдар аралығында АҚШ президенті болды. Бұған дейін ол Рональд Рейганның тұсында екі мерзім бойы вице-президент лауазымын атқарды.