Өзінің Қазақстанға деген ризашылық сезімін Джордж Крол қазақ және ағылшын тілдерінде жеткізді. Бейнеүндеуде елшінің республика аумағында өткізген кездесулері мен сапарларындағы, сондай-ақ еліміздің өміріндегі маңызды мәдени оқиғаларға қатысуы кезіндегі кадрлар көрсетілді. Онда Джордж Кролдың және елшілік қызметкерлерінің Қазақстанның әнұранын орындау сәттері де бар.
23:59, 17 Қыркүйек 2018
Джордж Кролдың қазақстандықтарға видеоүндеуі: Сіздерді сағынатын боламын
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандағы өз қызметін аяқтаған АҚШ Елшісі Джордж Крол елшіліктің Инстаграм және Фейсбук парақшаларында қазақстандықтарға арналған бейнеүндеу орналастырды.