Джордж үлкен-Буш өзінің 90 жасқа толуын парашюттен секіріп атап өтпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж -үлкен-Буш өзінің 90 жасқа толуын парашютпен секіріп атап өтпек, деп жазады Ассошэйтед Пресс.

«Бүгін штатта (Мэн) тамаша күн. Парашютпен секіруге қолайлы уақыт», деп жазды АҚШ-тың 41-ші президенті Твиттерде.

АҚШ-тың экс-президенті мерейтойын жақын туыстары мен достарының арасында атап өтпек. Буштың отбасы қонақтарды өзінің штаттағы резиденциясында қарсы алмақшы. Мерейтой иесін АҚШ президенті Барак Обама құттықтайды деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Буш 1989 жылы 41-ші президенттің орынтағына отырған болатын.