Джорджия штатында 5 адамды атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Джорджия штатының полициясы бес адамды өлтірген күдіктіні іздестіруде.

Полицейлердің деректері бойынша, бес адам оқ тиіп қайтыс болған. Бұл ретте мүрде әр жерден табылған, деп хабарлады BBC.

Полиция бастапқыда үш адамның денесін тапқанын, сосын тағы бір адамның мүрдесі мен жаралы бір адамды тапқанын мәлімдеді. Жараланған адам ауруханаға жеткізілгенмен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Күдіктінің кім екені анықталы. Полиция деректеріне сәйкес ол жалғыз әрекет еткен.

Қылмыстың не үшін жасалғаны аталмады.

Бұл АҚШ-тағы соңғы тәуліктегі екінші жаппай кісі өлтіру фактісі. 22 сәуірде кешке белгісіз біреулер бір отбасының Огайода сегіз адамын атып кеткен еді.

Онда үш бала тірі қалды, біреуі жаңа туған нәресте.

Бұл қылмысты жасағандар әзірге табылмады. Полиция қаскүнемдер қарулы әрі қауіпті екенін алға тартуда.