«Қазақстан Республикасының Нью-Йоркте орналасқан Бас консулдығынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, кеше, яғни 8 тамызда, Массачусетс штатының жоғарғы соты Қазақстаннан асырап алған екі балаға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстың көптеген тармақтары бойынша айыпталушы Джозеф және Линда Мэйотты кінәлі деп таныды. Қазіргі уақытта Джозеф Мэйотт тұтқындалды, оның жұбайы ауруханадан шыққаннан кейін тұтқандалатын болады. Соттың үкім шығару күні 22 тамызға белгіленген. Бұл мәселе ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауына алынып отыр. Осы мәселеге қатысты жаңа мәлімет болса, қосымша хабарлайтын боламыз», - дейді Н. Айтмаханов.
17:10, 09 Тамыз 2013
Джозеф және Линда Мэйоттар тұтқынға алынды - ҚР СІМ
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстаннан асырап алған балаларын жәбірлеп келген Джозеф және Линда Мэйоттардың ісі бойынша сот үкімі 22 тамызда шығады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.