Джулиан Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінен шықпай қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше кешке журналистер асыға күткен Джулиан Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінен шықпай қалды, деп хабарлады Ресейдің қоғамдық телевидениесі.

Бұдан бұрын 3,5 жылдан бері дипломатиялық өкілдікте жасырынып жүрген ол британдық сот органдарына берілетінін мәлімдеген болатын. Алайда соңғы сәтте WikiLeaks «әшкерелейтін порталының» негізін қалаушы ол ойынан айнып қалды. Оның мұндай шешім қабылдауына британдық және швед биліктерінің олар үшін БҰҰ жұмыс тобының оны бас бостандығынан айыруы заңсыз деген қорытындылары маңызды емес деген мәлімдемелері ықпал етті.

Кеше күндіз Ұлттар қоғамдастығының сарапшылары Джулиан Ассанждың Эквадор елшілігінде болуы оны «заңсыз бас бостандығынан айыру» және Ұлыбритания билігі оның жүріп-тұру еркіндігіне шұғыл түрде кепілдік беруі және моральдық залал шегуіне өтемақы төлеуі тиіс, деп мәлімдеген болатын. Ал Ассанждың өзі көшеге шығудан бас тартуын былайша түсіндірді.

Джулиан Ассанж, интернет журналисі, WikiLeaks халықаралық коммерциялық емес ұйымының негізін қалаушы: «Бұл өте елеулі оқиға - халықаралық заңнамаға сәйкес еуропалық құқық қалай әрекет етеді. Мен швед және британ биліктерінің заңдық және саяси астарын жақсы түсініп отырмын, олар өздерінің әрекетін заңды деп санап отыр. Ал шындығына келсек, олардың ісің заңсыз, шведтердің де, британдықтардың да БҰҰ шешіміне қарсылық танытуға заңдық негіздері жоқ. Мені қамауға алу немесе басқаша қудалаудың заңсыздығы - бұл енді қатаң халықаралық құқық нормасы».

Ассанж 2012 жылғы маусымда Эквадор елшілігіне саяси баспана беруге өтініш жасаған болатын - Швеция прокуратурасы оны зорлау ісі бойынша экстрадациялауды талап етті. Ол бұл айыпты мойындаған жоқ. WikiLeaks директоры оны қудағалаудың шынайы себебі миллионнан астам парақ құпия құжаттарды әшкерелегені үшін Обама әкімшілігінің оны АҚШ-қа экстрадациялануына қол жеткізу екенін мәлімдеді.