АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Wikileaks-тің негізін қалаушы Джулиан Ассанж Австралия парламенті жоғары паласына биылғы жылға жоспарланған сайлауға қатысу үшін саяси партияны құрады. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Ассанж бұл жайында Лондондағы Эквадор елшілігінен бейне байланыс арқылы жариялады. Айта кетейік, ол аталған елшілікте былтырдан бері жасырынуда.
Британдық билік Ассанжды қолға түсіріп, Швецияға жер аударуға талпынуда.
Ассанждың сөзіне қарағанда, оның партиясы «Wikileaks» деп аталады, сондай-ақ Австралияның федералдық сенатына жеті кандидатты ұсынады. Партиялық тізімді ол өзі бастайды екен.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.