Бұл туралы хабар арнасы мәлімдейді.
Осылайша, Ұлыбританияның Жоғарғы соты компромат королі үміт артқан апелляцияны қабылдамай тастады. Ал, Ассанждың адвокаттары оны қамау туралы ордерге швециялық судья емес прокурордың қол қойғанын алға тартқан еді. Енді Ассанж екі аптадан кешіктірілмей Швецияға қайтарылуы тиіс. Дегенмен, Ассанж адвокаттарының екі апта ішінде дәл сол Жоғарғы сотқа тағы бір апелляция беруге мүмкіндіктері бар. Кейіннен олар тергеу амалдары кезінде экстрадициялау туралы үкімді кейінге қалдыра алатын Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сотқа да жүгіне алады. Осылайша, Ассанж ісі бірнеше айға созылуы мүмкін. Осыған дейін де Ассанж 540 күнді үй қамауында өткізді. Ол ең алғаш рет Лондонда 2010 жылы, Викиликс сайтында Ауғанстандағы соғысқа қатысты құпия мәліметтер жарияланғаннан соң қамауға алынды. Оған Швецияда екі әйелді зорлаған деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды.