Бұл сыйлық үшін Марион Котийяр («Два дня, одна ночь»), Риз Уизерспун («Дикая»), Розамунд Пайк («Исчезнувшая») және Фелисити Джонс («Вселенная Стивена Хокинга») кандидатуралары қаралған.
«Үздік актер» аталымында «Оскар» сыйлығы «Вселенная Стивена Хокинга» картинасындағы зерттеуші-физик рөлін ойнаған британиялық Эдди Редмэйнге бұйырды.
Бұл атаққа Редмейнмен Бенедикт Камбербэтч («Игра в имитацию»), Майкл Китон («Бёрдмэн»), Стив Карелл («Охотник на лис») және Брэдли Купер («Американский снайпер») таласқан. Эдди Редмэйн үшін бұл- «Оскардағы» бірінші аталымы. Ал Джулианна Мур үшін бұл «Оскардағы» бесінші номинация және бірінші жеңіс.