НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дзюдодан 21-23 ақпан күндері Германияның Дюссельдорф қаласында өтетін «Grand Slam» жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, аталмыш рейтингтік турнирде 17 спортшы ел намысын қорғайды.
Ерлер:
Дәурен Сүйеукенов (60 кг)
Мағжан Шамшадин (60 кг)
Ерлан Серікжанов (66 кг)
Мадияр Сембаев (73 кг)
Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг)
Аслан Сағитбек (81 кг)
Руслан Мұсаев (81 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг)
Ислам Бозбаев (90 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Әйелдер:
Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)
Анна Казюлина (52 кг)
Иоланта Бердібекова (63 кг)
Мөлдір Нарынова (70 кг)
Зарина Сарипова (-78 кг)
Камила Берліқаш ( 78 кг)
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).