Дзюдо: Екі спортшы жарысты аяқтады, екеуі келесі кезеңде

АСТАНА. KAZINFORM - Португалияда дзюдодан жылдың алғашқы ресми жарысы – әлемдік Гран-при турнирі басталды. 

Фото: МКҚК дене шынықтыру және спорт бөлімі

Бүгін Қазақстан сапынан сынға түскен екі спортшы турнирді аяқтаса, екі балуанымыз алғашқы белдесуде қарсыластарын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. 

Атап айтар болсақ, 60 келідегі Дәурен Сүйеукенов бірінші белдесуде жапон балуанына есе жіберсе, 66 келідегі Нұрсұлтан Зайзағалиев тыйым салынған әдіс жасағаны үшін жарыстан шеттетілді.

Ал 66 келідегі Жанарыс Рахметқалиев Оңтүстік Кореядан келген қарсыласы Ким Чанеонгті ұтып, келесі кезеңге өтті. Сонымен қатар қыздар арасында 48 келідегі ел намысын қорғап жатқан балуанымыз Әбиба Әбужақынова да қарсыласын қапы қалдырып, келесі кезеңге шықты.