Осылайша Қазақстан қос бірдей жүлде - алтын және күміс медальды еншіледі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде алғаш рет өтіп отырған байрақты бәсекеде 137 мемлекеттен 800-ден астам спортшы күш сынауда.
Тамыздың 30-ына дейін жалғасатын додаға 1000-ға жуық қонақ келді. Олардың қатарында бапкерлер мен федерация басшылары, сондай-ақ басқа да лауазым иелері бар.
Жарыс ерлер мен қыздар арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Сондай-ақ, соңғы күні командалар өзара сынға түседі. Бұл жарыста ел намысын дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов, Азия ойындарының чемпионы Елдос Сметов пен Олимпиада ойындарына қатысқан Александра Подрядова мен Гүлжан Исанова сынды спортшыларымыз қорғайды.