Жарыста ерлер арасында 60 келі салмақ санатында Елдос Сметов топ жарды. Сондай-ақ осы салмақта тағы бір қазақстандық - Ғұсман Қырғыбаев «күміс» еншіледі.
Гран-при турнирі. Хух-Хото (Қытай), 25 мамыр. Ерлер.
-60 келі
1. Елдос Сметов (Қазақстан)
2. Құсман Қырғызбаев (Қазақстан)
3. Амартувшин Дашдаваа (Моңғолия)
3. Альберт Огузов (Ресей).
Хух-Хотодағы Гран-при кезеңі 27 мамырда аяқталады.
Еске сала кетсек, бұл бәсекеге Қазақстаннан 13 дзюдошы қатысуда.