Дзюдо: Галбадрах Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг Загребте дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстыңалғашқы күні қазақстандық спортшы 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Галбадрах дода барысында Катарина Танзерді (Аустрия), Ио Хионгты (ҚХР) жәнеЛи Янанды (ҚХР) ұтып, финалға шықты.

Соңғы бәсекеде франциялық Мелани Клементпен күресті. Бастапқыда ұпайсанымен қарсыласы алға шыққанына қарамастан, қазақстандық дзюдошы таразы басынөзіне аударып, жеңісті жұлып алды.

Тағы бір қазақстандық, жас спортшы Дәурен Сүйеукенов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде поляк Тома Голомбқа есе жіберіп, бесінші орынға ие болды.

Загребтегі Гран-при турнирі сенбі күні де жалғасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Галбадрах бастаған дзюдошылардың ЗагребтегіГран-при турниріне қатысатынын жазған болатынбыз.