ОРАЛ. ҚазАқпарат – Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы күні қазақстандықтар жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, бүгін ерлер 60, 66, ал әйелдер 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде татамиге шықты.
Анна Казюлина (52 кг) бірінші белдесуінде Перу спортшысынан жеңіліп қалды.
Ерлерден Мағжан Шамшадин мен Дәурен Сүйеукенов (екеуі де – 60 кг) екінші айналымда қарсыластарына есе жіберді.
Ерлан Серікжанов 66 кг салмақта алдымен Зиад Аунды (IJF), содан кейін Саини Уайлды (Үндістан) тізе бүктірді. Алайда ширек финалдық жолдама үшін белдесуде грузиялық дзюдошы Важа Маргвелашвилиге есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг денсаулығының сыр беруіне байланысты бұл жарысқа қатыса алған жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Grand Slam» турнирінің алғашқы күні қазақстандық үш балуанның белдесуге шығатынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).