АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунисте дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінде 60 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандасымыз қола медаль үшін белдесуде.
Жартылай финалда жеңіліс тапқан қазақстандық дзюдошы Марокко елінен келген Яссином Мудатироны айқын басымдылықпен ұтты.
Жарысты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. 21 қаңтарға дейін жалғасатын әлемдік Гран-При бәсекесіне әлемнің 48 елінен 407 дзюдошы бақ сынауда. Бұған дейін хабарлағанымыздай аталған додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 13 татами шебері ел намысын жатыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.