ДЗЮДО: Қазақстан Азия чемпионатының екінші күні 4 медаль еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының екінші күнінде қазақстандық құрама тағы төрт медаль жеңіп алды.

Қоланы Әзиз Қалмаханұлы, Максим Раков және Ержан Шынкеев олжалады.

Ал қыздар арасында 70 келіден жоғары салмақтағы Гүлжан Исанова екінші орын алды.

Екінші күннің қорытындысында біздің құрама медаль саны бойынша үшінші орында келеді.