Дзюдо: Қазақстан командалық жарыстың алғашқы айналымында Германиядан жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM - Әбу-Дабидегі дзюдодан әлем чемпионатында аралас командалық жарыс басталды. Бірінші айналымда Қазақстан құрамасы Германиядан 2:4 есебімен жеңіліп қалды. 

Фото: Olympic.kz

Құрама сапында Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қана жеңіске жетті. Дегенмен қос спортшының жеңісі командалық жарыста есепте алға шығуға жеткіліксіз болды. Жарыс жолына шыққан Екатерина Токарева, Айдар Арапов, Бақыт Құсақбаева қарлыстарына есе жіберді. Ал, Дархан Қойбағар ереже бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын аяқтады. Команда сапында Әбиба Әбужақынова ғана қола жүлдегер атанды.