Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлағанындай, айтулы додада 48 елден 403 дзюдошы бақ сынамақшы.
Қазақстан сапында 20 спортшы ел намысын қорғайды.
Атап айтқанда, ерлер:
Елдос Сметов (-60 кг),
Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг),
Елдос Жұмақанов (-66 кг),
Есет Қуанов (-66 кг),
Мадияр Сембаев (-73 кг),
Бекәділ Шаймерденов (-73 кг),
Бекжан Абдуалиев (-81 кг),
Руслан Мұсаев (-81 кг),
Ислам Бозбаев (-90 кг),
Виктор Демьяненко (-100 кг),
Ерасыл Қажыбаев ( 100 кг).
Әйелдер:
Ақмарал Науатбек (-48 кг),
Севара Нишанбаева (-57 кг),
Ақниет Тұрдан (-63 кг),
Иоланта Бердібекова (-63 кг),
Зере Бектасқызы (-70 кг),
Мөлдір Нарынова (-70 кг),
Зарина Райфова (-78 кг),
Кәмила Берліқаш ( 78 кг),
Гүлжан Исанова ( 78 кг)
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлем рейтингінде 1000 ұпай, күміс жүлдегерге - 700, ал үшінші орын иегеріне 500 ұпайдан қосылады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық дзюдошылардың Мароккодағы Гран-при жарысынан кейін әлемдік рейтингте жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.